"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік және қазіргі қазақ тілі

07.12.2021

Әлеуметтік әділеттілікті ұран­датқа­нымен оны іспен дәлелдей алмаған кешегі кеңес заманында қабылдаған Қазақстанның екі Конс­титуциясында да елдің, жердің иесі қазақтың тілі жөнінде бір ауыз сөз болған жоқ. Дегенмен, Республикамызда Кеңес өкіметінің алғашқы 20-30-жылдарында қазақ тілін мемлекеттік деңгейде жүргізу үшін біраз әрекет жасалынды. 1920-1925 жылдары Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (бүгінгі Премьер-министр) Сәкен Сейфуллин қазақ тілінің тағдыры туралы тоғыз мақала жазды. Бірақ көп ұзамай халықтың мүддесі үшін күрескен ұлт зиялыларын түгел дерлік қуғындап, көбісін түрмеге тығып, алдын атып жойғаннан кейін кеңестік билік орыс тілін мемлекеттік мәртебеге көтеруге тікелей кірісті. 1938 жылғы 13 наурызда БКП(б) ОК мен КСРО Халық комиссариа­ты ­«Ұлттық республикалар мен облыс­тар­дағы мектептерде орыс тілін міндетті оқыту туралы» қаулы қа­былдады. Осы жылғы 5 сәуір күні Қазақ ССР ОАК мен ХК кеңесі «Қазақ мектептерінде орыс тілін міндетті түрде оқыту туралы» қабыл­даған қаулыда республикадағы қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқытуды қанағаттанғысыз дәрежеде деп са­нады, әрі бұл жағдайға жұрттың үрейін ұшыратын саяси баға берілді. Солақай саясатшылдар халыққа білім беру органдары мен жекелеген кеңес аппаратының кейбір буындарына контрреволюцияшыл буржуазиялық-ұлтшылдық пен троцкистік-бу­ха­риндік элементтердің кіріп кет­кендердің мақсаты – лениндік-cталиндік ұлттық саясатты жүзеге асырмау, сөйтіп, қазақ халқының орыс халқымен туысқандық бірлігін бұзу деп түсіндірді. Мұндай түсінік сая­си қуғын-сүргінді басынан кешіріп отырған зиялы қауымның аузын аштырмады, қолын іске барғызбады. Ал бұқара халық үн қатпады.

Шынына келгенде, ол кезде елі­міздегі қазақ мектептерінің жағ­да­йының өзі тіпті мәз емес еді. 1937/1938 оқу жылында республи­ка­дағы барлық 292 мектептің 157-і орыс мек­тептері, 10-ы аралас, 89-ы ғана таза қазақ және т.б. мектептер бола­тын. Бірақ бұл біздің басшыларды да, кейбір «белсенді» қосшыларды да ойландырмады, қайта олар өзімізді орға жығып, орыс мектебін көбейтуге, орыс тілінің үстемдігін орнатуға жеңдерін түре, маңдай терлерін сүрте кіріскен болатын. Бұл кеңестік биліктің жаңа тіл саясаты саяси мәдениеті төмен, кеше отарлық езгіде болған, әрі өз елінде азшылыққа айналған қазақ халқын зор қиыншылықтарға жетеледі. Соның зардабын жетпіс жылдай көрдік, көп нәрсеге көндік, әлі жалғасып келеді.

Сондықтан да егемендіктің елең-алаңын­да еліміздің шынайы ұлтшыл азаматтары ең бірінші тіліміз үшін күресіп, 1989 жылғы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінде оның мемлекеттік мәртебесіне қол жеткізілді. Бұл 1995 жылғы Ата Заңда конституциялық шешімін тапты. 1997 жылғы «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңда қазақ және орыс тілдерінің негізгі құқықтық мәртебелері мен қағидалары одан әрі дамытылды. Осы маңызды құжатты жүзеге асыру мақсатында алдағы басым бағыттар мен міндеттер де айқындалды. Аз уақытта көп нәрсе жүзеге асты. Мұның барлығы өз Отанында кеше ғана екінші қатарға ығыстырылған қазақ тілінің дамуына игі ықпал жасады. Мұны халқымыз көріп, біліп отыр.
Алайда қайта құрудан басталған тіл үшін күрес, ұлттық рух егемендікке жету мен тәуелсіздік алудан әрі аса алмады. Ең өкініштісі – патшалық Ресейдің отарлық саясаты, соның саяси жалғасындай болған кеңес өкіметі кезінде мемлекетіміздің де, ұлтымыздың да толыққанды қалыптаса алмағандығынан сан жылдар тілдік кеңістікте қордаланған қиыншылықтар мен қайшылықтарды жоюда батыл саяси және құқықтық әрекеттер жасалынбады. Асқақидея жаңа жағдайда ұлттық мұраттарымызды шешумен жалғастырылып, дәстүрлі рухани бұлақтан суғарылып, санамыз тәуелсіздік талаптарына сәйкес тиісті жаңармады. Бірнеше ғасыр отаршылдықтан пайда болған жалтақтық, кеше ғана үстемдік жасаған, бүгін де жалғаса түскен құлдық психология үлкен кедергі болып жігерлііскежібермейкеледі.
Осындай жағдайдан бүгінгі ана тілдік кеңістікте әлі шешуін табатын мәселелер жеткілікті, тіпті ол кейде көбейе түспесе, әсте азая­тын емес. Мұның қандай себептері бар? Қашан Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Қазақ тілі – басты құндылығымыз», т.б. қастерлі сөз тіркестері қанаттанып, ұлтымыздың азаматтарының түгел көкейіне тұрақты қонатын болады? Туған тіліміз Тәуелсіздіктің табанды тұғыры қашболаалады?
Мұның, біздіңше, толып жатқан себептері бар. Ең бастысы халқымызда ұлттық намыс, ұлттық рух бәсең. Бұл әзір көтерілетін емес. Ал орысша оқып, еуропаша тәрбиеленген қаракөздеріміздің көбінде мәдени құндылығымызға деген ықылас жоқ. Осының барлығы қоғамымызда ұлттық тілді қалыптастыратын әлеуметтік ортаны жетімсіз етіп отыр. Газеттерде жарияланған зерттеулер бойынша қазір қазақтың 60 пайызы тек орыс тілінде сөйлейді екен. Ал солтүстік облыстарда бұл көрсеткіш бұдан да жоғары.

     

 

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Кусаинова С.Т.

Просмотров: 316


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст