"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы

02.02.2022

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өскен.

Қыпшақ тайпасының ұзын руынан шыққан. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ол кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Мектеп 1850 жылы ашылып, оған қабылданған отыз қазақ баласының бірі – тоғыз жасар Ыбырай болды.

1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашылады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды. Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыраған.

1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. Жинаққа кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері осындай мақсатта туған. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады.

Алтынсариннің «Қарға мен түлкі», «Әй, достарым», «Әй, жігіттер», «Өзен» өлеңдері мен «Асыл шөп», «Ақымақ дос», «Бір уыс мақта», «Білгеннің пайдасы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Жаман жолдас», «Жамандыққа жақсылық» секілді бірқатар әңгімесі бар.

 

 

Қазақ тілі мен әдебиет  мұғалімі Абикенова К.Б.

Просмотров: 278


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст