"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ахмет мұрасы - алтын қазына

08.02.2022

Биыл - ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновқа 150 жыл. Ол 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді.

Табиғатынан зерек Ахмет қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттейді. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді.

Өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінің редакторы болып еңбек етеді. Газет бетінде халык өмірінің мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге шақырады.

Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Алаш қозғалысын ұйымдастырып, бағдарламасын жазған.

1929 жылы жазықсыз түрмеге жабылып, 1936 жылы елге оралады, 1937 жылы қайта тұтқындалып, «халық жауы» деп аталған Ахмет 1938 жылы атылады.

1988 жылы ақын ақталды. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың мол әдеби, ғылыми еңбектері қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында «Қырық мысал» деген алғашқы кітабы жарық көрді, ол кітапта орыс мысалшысы И. Крыловтан аударған мысалдар жинақталды. 1911 жылы Орынбор қаласында «Маса» атты өлеңдер жинағы шықты.

Байтұрсынов қазақ тілінің реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімінің атасы. Ол араб әріптерінің негізінде қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің «Оқу құралы», «Тіл құралы», «Әліпби», «Жаңа әліпби» атты кітаптарында қазақ тілінің мәселелерін қарастырды. Қазақ тіл білімінде терминдер қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдарға анықтамалар берді.

Ахмет Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды.

Просмотров: 464


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст