"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шашу – қуаныш айғағы

17.03.2022

Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр.

Шашу бала туылғанда, тұсау кескендесүндетке отырғызылғанда, келін түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде, бүркіт ұстап әкелгенде, жүйрік ат бәйгеден озғанда, алыс сапардан жолаушы оралғанда, жақсылық күндерде, құда келгенде, тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, ірімшікөрік-мейізкәмпиттенкүміс теңгеден шашылады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді.

Шашуды, әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да, оны жастар, балалар теріп алады. Кейде тойдан тәбәрік ретінде үлкендер де алып, үйдегі жас балаларына апарып береді.

Шашудың екі түрі бар. Бірі шашылады, екіншісі шашылмайды. Тойға көп адам шашу әкелетіндіктен оның бәрін ысырап етіп шаша бермейді. Тек белгілі бір бөлігін ғана шашып, жосын-жоралғыларды жүргізеді. Туыс-туғандар әкелген дастарқан Шашу ретіндегі қазақ халқының қуаныш-тілегін білдіретін ниеті болып табылады.

Оның бастаулары кем дегенде көне түркілік замандарға барады. Түркілер қуаныш кезінде құрт,  ірімшік сияқты ақ тағамдарды «ақ жолтай», «ақ тағамдай ақ болыңдар», «ақ ниет тілейміз» деп шашқан. Кейіннен тату-тәтті болсын деген ниетпен Шашуға кәмпит қосылған. Дәстүрлі қазақ қоғамында ауқатты адамдар күмісалтын теңгелер де шашқан. Шашу қазіргі уақытта да кеңінен қолданылуда.

 

Кусаинова С.Т.

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст