«Бекітемін»
«Атбасар ауданының
білім бөлімі» ММ
басшысы
Н. Наймушина
___________________
5-11 сынып оқушылары арасындағы «Презентациялар шебері» аудандық мультимедиялық презентациялар конкурсы оқушылардың ақпараттық-графикалық мәдениетін арттыру, тұлғаның креативтік қасиеттерін дамыту, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып зерттеушілік және жобалық қызметке қызығушылықтарын дамыту және білімдік үдеріске оларды кеңінен енгізу мақсатында өткізіледі.
Конкурс міндеттері:
Оқушылардың назарын медиашығармашылыққа аудару және жұмылдыру, алға қойған мақсаттарын шығармашылықпен шешуге баулу, байқағыштықтарын, эстетикалық талғамдарын дамыту.
Ақпаратық технологиялар саласындағы жобалық қызметтерге қызығушылықтарын дамыту
Әр түрлі мультимедиялық бағдарламалармен тәжірибелік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
Конкурс тақырыбы Жастар жылына арналған: «Болашақ деген- БІЗ!»
Конкурс эпиграфы: «Жастық деген-арман. Бұл-сенім. Бұл - ерлікке құлшыныс. Бұл – лирика және романтика. Бұл келешекке келелі жоспарлар. Бұл – барлық бастамалар бастауы.» Хикмет Ран Назым
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
«Арман»,
«Сенім»,
«Ерлік»,
«Романтика»,
«Болашаққа жоспар».
Аудандық конкурсты ұйымдастырушысы Атбасар ауданының білім бөлімі»
Конкурсқа қатысуға Атбасар ауданының білім беру мекемелерінің 5-11 сынып оқушылары шақырылады. Конкурсқа тек жеке жұмыстар қабылданады.
7. Конкурстық материалдарға қойылатын талаптар:
7.1.Конкурсқа презентациялар жасауға арналған қосымшалар көмегімен жасалған (құрылған), конкурс тақырыбына сәйкесетін электрондық түрдегі мультимедиялық презентациялар қабылданады.
7.2. Әр оқушы бір жұмыстан тапсырады.
7.3. Презентация мөлшері 100 Мб. Асапуы керек.
7.4. Слайдтар саны – 10 нан бастап 35ке дейін, хронометражы – 30 секунд.
7.5.Слайдтің бірінші бетінде: жұмыстың атауы, номинация, қатысушының тегі, аты, сыныбы, мектеп атауы, мұғалімнің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
7.6.Презентацияда ортақ идея және автордың шешімімен біріктірілген фотоматериалдармен қоса бейне материалдарды қолдануға болады.
7.7. Барлық қоса берілген файлдар (құжаттар, бейне, дыбыс т.с.с.) презентациямен бір папкада болады.
7.8. Жұмыстың тақырыбы мен ондағы суреттер экстремистік қызметтерді, азаматтардың артықшылығы мен кемшіліктерін, бұзақылық әрекеттер мен вандализм актілерін насихаттайтын материалдардан аулақ болуы тиіс.
7.9. Презентацияда пайдаланған әдебиеттердің тізімі болуы тиіс.
8. Авторлық құқықтар.
8.1. Оқушы конкурсқа жұмысын ұсына отырып, «Авторлық және қосалқы құқықтар туралы» заңның орындалуына кепілдік етеді.
9. Конкурс 19.03.2019ж. - 31.03.2019 ж. аралығында бір кезеңмен өткізіледі.
9.1. Конкурсқа қатысу үшін келесі нысандағы өтінімдер ұсынылады:
Жұмыс атауы
Номинация
Оқушынының ТА. (толық)
Сынып
Білім мекемесі
Мұғалімнің ТАӘ (толық)
10. Конкурсқа қатысу үшін өтінім мен презентация 01.04.2019 дейін: tdinav@bk.ru электрондық адресіне жолданады флешкада немесе қатысушының аты, мектебі көрсетілген папка, мұрағат (архив) ретінде сақталған түрде қабылданады.
11. Конкурс нәтижесін шығару .
11.1. Жұмыстарды бағалау үшін конкурстың Қазылар алқасы құрылады .
11.2. Қазылар алқасы конкурсқа ұсынылған жұмыстарды бағалау критерийлеріне сәйкес (0 ден 10 ұпайға дейін) бағалайды:
Тақырыптың аргументтелуі және тереңнен ашлуы.
Дизайн (эстетикалық безендірілуі, жарқындығы, бірігейлігі, стиль тұтастығы, безендірудің мазмұнға сәйкестігі).
Ақпараттық құрамы (мазмұндылығы, степень структурированности материалдың құрылымдалу деңгейі, мазмұндау түсініктілігі).
Креативтілігі (тұрғы жаңашылдығы, шығармашыл ойлау бірегейлігі).
Жұмыстың техникалық орындалі сапасы мен күрделігі (компьютерлік бағдарламаларды пайдалану деңгейі)
1.3. Конкурс нәтижелері: 15.04.2019 ж. жарияланады.
12. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері 1, 2, 3 орындарды иеленгені үшін, әр номинация бойынша гармоталармен марапатталады.