2019 жылы 17 сәуірде №3 ОМ "Шаңырақ" отбасылық клубының отырысы өтті. Ол отырыстың күн тәртібін айтып, ата-аналарды 2018-2019 оқу жылында мектеп іс-шараларын өткізу кезінде грамоталар, кәдесыйлар, сыйлықтар сатып алуға қаржы шығындарымен таныстырды. Тәрбие жұмысы туралы директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Ю. А. Ионина баяндама жасады, ол қатысушыларды сегіз бағыт бойынша өткізілген іс-шаралармен таныстырды,сондай-ақ оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық, ҒПК, сайыстары, олимпиадалары мен спорттық іс-шараларда жеткен жетістіктерімен таныстырды. Мектеп медбикесі Г. А. Абдрахманова кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілік пен ерте жүктіліктің алдын алу бойынша әңгіме жүргізді, сонымен қатар оқушылардың жеке гигиенасы бойынша ұсыныстар берді.