Өзінің жалынды, оттай ыстық жырларымен талай қазақтың жүрегін -жылыта білген Алаш қайраткері. Ақынның шоқ жырлары оқылып, 7-11 сынып оқушылар сынып оқушылары арасында аудандық сайыс өтті.
2010 жылдан бастап өтіп жүрген бұл байқаудың басты мақсаты жастар арасында сөз зергерінің шығармашылығын насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Мағжанның отансүйгіштікке, туған ел мен жерге деген махаббатқа толы өлмес шығармалары тағы бір жаңғырып, «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» атты ақын шығармаларын жатқа оқу аталымы бойныша, «Қазақ азаматы», «Түркістан», «Қазақ тілі», «Сағындым» деген өлеңдерін мәнерлеп оқу номинацияларына 7 сынып оқушысы Баракпаев Шынғыс (жетекшісі: Әбдуғалиева Ә. Т.) қатысты.
Сонымен қатар, 5-11 сынып оқушылары арасында «Махамбет оқулары», «Абай оқулары» атты аудандық байқауларына, 9 сынып оқушысы Евгений Зеленый (жетекшісі: Әбдуғалиева Ә. Т.) «Ел құтқара ер едім...» атты номинациясына қатысып, «Махамбет Жәңгірге айтқаны», «Ау, қызғыш құс, қызғыш құс», «Мұнар күн», «Ұл туса...», «Туған ұлдан не пайда», «Елмен қоштасу», «Атадан туған ардақты ер», «Жалған дүние», «Исатай деген ағам бар» өлеңдерін, 8 сынып оқушысы Дилара Оспанбаева (жетекшісі: Сейтенова З. Ә.) «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясына қатысып, «Мен боламын демеңдер», «Буынсыз тілің», «Қөзіңнен басқа ойы жоқ», «Балалық өлді білдің бе?», «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап», «Ысытқан сусын» және т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
«Көңілім әнді ұғады» атты номинациясына 6 сынып оқушысы Снежанна Штейн (жетекшісі: Құсайынова С. Т.) қатысып, ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» әнін орындады.