«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз форумы өтті

26.08.2022

Биылғы форум «БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚАСИЕТ» деп аталды.

Тамыз форумына Ақмола облысы мәслихатының хатшысы, Ақмола облысы бойынша «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы, аудандар мен қалалардың әкімдері, мемлекеттік органдардың, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, жоғары оқу орындарының басшылары педагогикалық еңбек ардагерлері, бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ата-аналар жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Пленарлы отырыс кезінде мұғалімдер мен ата-аналар қауымдастығының 5 мыңнан астам өкілін қамти отырып Instagram мен Facebook-те тікелей трансляция жүргізілді.

Конференцияда дәстүрлі түрде аймақтық білім беру жүйесінің өткен оқу жылындағы жұмысы қорытындыланып, жаңа оқу жылына арналған облыстың білім беру жүйесі жұмысының стратегиялық бағыттары анықталды.

Конференция барысында үздік педагогтарды марапаттау рәсімі өтті.

Дәстүрлі түрде жас мамандарға құрмет көрсетіліп, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Просмотров: 553


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст