«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Математика, физика және информатика апталығы

23.11.2022

21 қарашада математика, физика және информатика апталығы басталды. Оның негізгі мақсаты - оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын дамыту. Стандартты емес сабақтар, ойындар мен конкурстар өткізу оқушыларға шығармашылық, зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

Математика онкүндігі әр оқу жылының қарашасында өтеді. Дайындыққа біздің ӘБ-нің барлық мұғалімдері және математикаға деген қызығушылығы жоғары оқушылардан құралған бастамашыл топ қатысады. Біз оқушылардың жас және психологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, іс-шаралар жоспарын ойластырамыз. Пәндік апта ішінде конкурстар, викториналар, ашық сабақтар өткізіледі.

Апталықтың ашылуына арналған жиын акт залында өтті. Мектеп директоры З. Е. Касенова пәндік апталықтың басталуымен құттықтап, өткізілетін конкурстарда барлығына сәттілік тіледі. Жүргізушілер оқушыларды жоспарланған іс-шаралармен таныстырды, викторина өткізді, ең тапқырларды шағын сыйлықтармен марапаттады.

 

Мусулмамбекова К.Б

 

Просмотров: 682


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст