Текст
Бүгін жазғы математика мектебінде 10 сынып оқушылары тригонометриямен айналысты. Сабақтың мақсаты-Тригонометриялық теңдеулерді шешудің жалпы тәсілдерін қарастыру, тригонометриялық теңдеулерді шешу дағдыларын бекіту және тексеру, сонымен қатар, белгілі тригонометриялық теңдеулерді шешудің жаңа әдістерімен, тригонометрия тарихымен, сондай-ақ күнделікті өмірде тригонометрияны пайдаланумен танысу. Барлық сабақ тиімді және нәтижелі өтті.